Бабалардың арманы

Бабалардың арманы
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран еліміздің айрықша белгілері. Рәміздің түсі мен бейнесі түрлі мән-мазмұнға ие. Атап айтсақ, Елтаңба, Ту, Әнұран үлгілерін әзірлеуге байқау жарияланып, оған 600-ден астам адам қатысты. Барлығы 1 200 өтінім Мемлекеттік Тудың эскиздерін әзірлеген. Сондай-ақ, болашақ Мемлекеттік Елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сипаттамасы және Мемлекеттік Гимннің 750 нұсқасы ұсынылды. Сайысқа қатысушылар арасынан бүгінгі Тудың авторы Шәкен Ниязбеков, Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихан сынды шеберлердің жұмысы таңдалды. Осы кезеңге дейін Мемлекеттік Гимннің сөзі мен әні бірнеше рет өзгерді. Алғашқы мәтіндік конкурсының авторлары М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев және Ж.Дәрібаевалар жеңіске жетті. Бес жыл өткеннен кейін ғана 2006 жылы жаңа Мемлекеттік Гимн пайда болды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдалынып алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік Гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік Гимнін бекітті. Еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткіздік. Қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы қайта жаңғырды. Мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашаққа басқан нық қадамның бірі. Кемел келешек, біртұтас болашақ үшін бабалар арманы. Сондықтан, мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет. Сондай-ақ, ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті қалайтын мемлекетіміз әлемдік деңгейде өз орнын тауып келеді.
Диас МАРАТҰЛЫ,
журналист.