Құқық

Жазасын өтеуші әйелдер арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды

Жазасын өтеуші әйелдер арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды

Сот үкімімен кінәлі деп, танылып темір торға тоғытылған жазасын өтеушілерді тәрбиелеудің бір тәсілі – олардың бұқаралық спортпен шұғылдануына жағдай жасау. Себебі, сотталғандар түрлі деңгейдегі спорттық жарысқа белсене қатысқан сәтте бойларына қан жүгіріп, қоғаммен байланысы арта түспек.

Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесіндегі сотталған әйелдер арасында бұқаралық спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды. Бұл күні жазасын өтеуші нәзік жандылар әуелі 5-10 минуттай жаттығу жасап, кейіннен волейболдан өзара кім мықтыны анықтады.