Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерін Қарттар күнімен құттықтады
Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерін Қарттар күнімен құттықтады
– Ең алдымен, Сізді мерейлі мерекеңізбен құттықтаймыз. Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз бүгінгі жас қызметкерлерге қашанда үлгі. Себебі, Сіздер егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қостыңыздар. Бүгінгі күнге дейін талай жасты тәрбиелеп, лайықты ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Ал, қазір бейнеттің зейнетін көріп отырған осынау шақта да тәжірибелеріңізді бөлісуден шаршамай келесіздер. Қазыналы қариямыз болып ортамызда аман-сау жүре беріңіздер, - деді Ж.Қосжанов. Айта кетейік, сала ардагері Қайрат Сабырұлы ҚАЖ саласында 32 жыл қызмет еткен майталман маман. Он жыл бұрын зейнетке шыққан саналы ғұмырын яғни, 18 жасынан бастап 54 жасына дейін қоғам тыныштығын күзетуге арнаған. Бүгінде Қайрат Масатбаев ұл-қыздарынан бірнеше немере сүйіп отыр.