Мүмкіндігі мол меморандум
Мүмкіндігі мол меморандум
Келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту бойынша қызметтерді алуға, ал қажет болған жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ортақ келісімнің нәтижесінде өңірдің медициналық мекеме қызметкерлеріне инновациялық технологияларды оқыту, аурулардың алдын алу, диагностикалау, жаңа медициналық технологиялар мен инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгені баяндалды. «Медициналық орталық қызметінің аясында білім беру, ғылыми зерттеулер, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында инновациялық әдістерді іздеу және енгізу саласында түрлі жобалар іске асырылуда. Осы қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде облыс әкімдігімен бірлесіп, жол картасы әзірленетін болады. Оның негізінде біз бірнеше жыл бойы өңірде денсаулық сақтауды дамыту бойынша белгіленген жоспарларды іске асыратын боламыз», – деп Алексей Цой жоспарымен бөлісті.
Ғайникен МАРАЛТАЙҚЫЗЫ.