Қылмыс хроникасы
Қылмыс хроникасы
– Бүгінгі жасөспірімдер, ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі деген жақсы нақыл бар. Яғни, біздің балаларымыз қазіргі уақытта не үйренеді, не оқиды, кімге қарап бой түзейді, болашақта біздің халқымыздың кісілік келбеті де солай болады. Жол қозғалысы ережелерін ерте жастан үйрену керек. Бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін зор маңызға ие. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын ЖҚЕ қатаң сақтауға және бәрімізге ортақ қауіпсіз болашағымыз үшін балаларға лайықты үлгі болуға шақырамыз. Балаларға саналы тәрбие беру – аға буынның парызы. Тәрбиелі әрі білімді ұрпақ – ел ертеңі, кемел келешек кепілі, – дейді ведомство өкілі. ЖЕҢГЕТАЙЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ «Stop traffic» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде облыстық полиция департаментіне бағынысты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру кезінде клиенттерге ақша үшін қыздардың интимдік қызметтерін ұсынған кафелерді анықтады. Заңсыз қызметті ұйымдастыруда ойын-сауық мекемесінің әкімшісі күдікті ретінде ұсталды. Азаматшадан қолма- қол ақша және ұялы телефон түріндегі заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі таңда 50 жастағы әйелге қатысты Қылмыстық Кодекстің 309-бабы 1-бөлігі (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындап, қазіргі уақытта келу туралы міндеттемемен босатылды. ЕСІРТКІ САҚТАҒАН ТАРАЗДЫҚ АЗАМАТ ҚҰРЫҚТАЛДЫ Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында, сондай-ақ «Қарасора-2023» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық полиция департаментіне бағынысты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 34 жастағы тараздық азаматты ұстады. Күдіктінің «Ақбұлақ» шағынауданындағы мекенжайына тінту жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның жатын бөлмесінен жалпы салмағы 4 келі 700 грамм «кептірілген марихуана» және салмағы 13,85 грамм «гашиш» есірткі заты мен салмағы 7,76 грамм «көкнәр» есірткісі табылып, тәркіленді. – Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 4-бөлігі (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, тергеу жұмыстары жалғасуда, – дейді есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев. ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ОҚ-ДӘРІ ТАБЫЛДЫ Жамбылдық полицейлер «Қарасора-2023» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел ақпаратты іске асыра отырып, Тараз қаласының шетіндегі ашық учаскедегі тұрмыстық қоқыстардың арасынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған пакетті тауып, тәркіледі. Табылған қарудың ішінде 16 мм калибрлі «Иж-17» маркалы қосауыз тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, «ТОЗ-Б» маркалы тегіс ұзын ұңғылы аңшы мылтығы, газды револьвер, 5,45 мм калибрлі 30 патрон, 16 мм калибрлі 4 патрон, 9 мм калибрлі 12 травматикалық патрон және оқ өтпейтін жилет болды. Өңірлік полиция департаментіне бағынысты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаевтың айтуынша, бүгінде бұл дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалған.
Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.