Құқық

Есірткімен күрес бір сәтке де тоқтамайды

Есірткімен күрес бір сәтке де тоқтамайды

Жамбыл облысы Оңтүстік-Шығыс Азиядан ТМД және Еуропа елдеріне контрабандалық транзит жолдарында орналасқан. Облыс аумағы 650 километр бойы Қырғыз Республикасының аумағымен шектеседі. Шекаралық аймақтар облыстың алты ауданын қамтиды. Жеті ауданда жабайы қарасора өседі. Жақын шетелдерден (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) апиын тобының есірткілері әкелінеді.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2023 жылы қылмыстық қудалау органдары 23 (18) есірткі қылмысын анықтады (2023 жылы: 22-сі 296-бап бойынша, 1-еуі 297- бап бойынша; 2022 жылы: 16-сы 296-бап бойынша, 2-еуі 297-бап бойынша). Есірткі заттарының заңсыз айналымын анықтау фактілері 22 пайызға өскен. Шу алқабының қарасорасы бүгінгі күнде жоғары сұранысқа ие. Мұнда қарасораның өсуі оның үлкен көлемін заңсыз айналымнан анықтауға және алуға әкеледі. Есірткі құралдарының ең көп саны біздің өңірге тиесілі. Қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдылықтың сақталуын прокурорлық қадағалаудың негізгі практикасы – бұл алдын алу, яғни құқыққа қайшы көріністердің алдын алу, сондай-ақ жалпы есірткі қылмысының факторларын анықтауға, шектеуге және жоюға бағытталған шаралар кешені. Прокуратурамен «Теміржол және әуе көлігі объектілерінде қылмыст ардың а лдын а лу, қылмыстық әрекеттің жолын кесу, есірткі заттарын жеткізу мен өткізуді болдырмау, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына жол бермеу бойынша» брошюралар дайындалып, вокзал және әуежай күту залдарында, перронда және жолаушылар поездарына шығу арқылы әрбір құқықбұзушылыққа қандай жаза тағайындалатындығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дайында лған жадынама лар таратылды. Сонымен қатар, есірткі заттарын, суық қаруды тасымалдаса не сақтаса және ұрлық жасаса заңмен жауапкершілік көзделетіні туралы қатаң ескерту түріндегі бейне ролик түсіріліп, Instagram желісі арқылы халықтың назарына жеткізілді. Вокзалда жолаушылар пойыздарын хабарлаған сайын онымен қоса радиорубка арқылы азаматтарға «қылмыстың алдын алу мақсатында, заңмен тыйым салынған, есірткі затт ары, суық қару және басқа да заттар болса, өз қалауымен тапсырғаны жөн екендігі, егер полиция қызметкерлерімен арнайы рентген аппаратымен анықталса қылмыстық жауапкершілік көзделетіні» туралы ескерту мәтіні оқылып халыққа жеткізілуде. Одан бөлек, Жамбыл көлік прокуратурасы екі Тараз және Түрксіб ЖПБ-дері арқылы аумақтағы заңдылықты қадағалауды жүзеге асырады. Азаматтар көбіне Шу алқабынан аса ірі мөлшердегі е сірткі заттарын заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдайтын болғандықтан Түрксіб ЖПБ-нің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс- шараларын көбінде станцияның теміржол-автокөлік өткелінде, темір жолдың маңайында жүргізеді. Ал, Тараз қаласы Шу алқабынан шалғай орналасқандықтан станцияның ЖПБ-нің қызметкерлері жедел- профилактикалық іс-шараларын вокзалда, перронда, пойыз ішінде өткізіп, шағын мөлшердегі есірткі затын заңсыз иемдену, сақтау арқылы заңбұзушылық жасаған азаматтарды анықтауда. Мысалы, 2023 жылғы 16 шілдеде «Қорағаты-Тәтті» теміржол торабында жедел- алдын алу іс-шараларын өткізу барысында Түрксіб станциясының ЖПБ-нің қызметкерлері «КАЙ» атты қызметтік-тергеу иті «AUDI B4» маркалы автокөлікте есірткі затының барына белгі беруіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Тінту жүргізу барысында азамат К.-ге тиесілі қапшықта есірткі заты анықталып, ол бойынша хаттама толтырылған. Тергеу барысында іс ауыр қылмыс ретінде анықталып, сотқа жіберіліп айыптау үкімі шығарылған. Сондай-ақ, профилактикалық жұмыстар қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде есірткіні қолдану мен таратудың алдын алу бойынша жүргізіледі. Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды қолдануға, өткізуге және сатып алуға бейім сотталғандар есірткіні қолдануға бейім ретінде профилактикалық есепке қойылады. Сотталғанның бас бостандығынан айыру орындарында болған алғашқы күндерінен бастап, сотталғанның жеке басын, жеке іс материалдарын зерделеу кезінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды қолдануға бейім адамдар анықталады. Осы адамдарға қатысты мақсатты профилактика жүргізіледі. Атап айтқанда, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды қолдану мүмкіндігін туғызатын себептермен жағдайларды уақтылы анықтау және жоюға бағытталған дәрістер, әңгімелер сияқты жалпы профилактикалық іс-шаралар. Одан бөлек, прокуратурамен қадағалау тәртібінде қылмыстық істерді зерделеу барысында Түрксіб станциясының ЖПБ-мен ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен №237477031000013 тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚПК-тің 189, 192-баптарының талаптары өрескел бұзылғаны анықталған. Іс-әрекетте қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс ҚПК- нің 35-бабының 1-бөлігінің 8-тармағымен тоқтатылған. Осындай ҚПК-тің талаптарының бұзылу жәйттері Тараз ЖПБ- нің қызметкерлерімен де орын алған. Осы заңбұзушылықтардың себебінен есірткі сақтаған тұлғалар жауапкершіліктен босап кетті. Заңбұзушылыққа жол бергендер прокуратураның актісі негізінде жауапкершілікке тартылған. Алдағы уақытта заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында Жамбыл көлік прокуратурасымен есірткі қылмыстарын тіркеу және тергеу, тінту амалы кезіндегі құқық қорғау қызметкерлерінің әрекеттері бойынша алгоритм дайындалып, полиция қызметкерлеріне қолдануға берілді. Қазіргі таңда, ҚПК-тің талаптарының бұзылу фактілері жойылды. Аймақта тәжірибеде сотқа жолданған е сірткі бойынша ауыр санаттағы қылмыстарға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуда. Көлік саласында синтетикалық есірткінің тіркелген жәйттері орын алмаған, бірақ бұл бағытта қылмыстық қудалау органдарына анықтау туралы тиісті нұсқау берілген. Есірткі қылмыстары сотқа тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген сәттен бастап 24 сағат ішінде негізділігі мен заңдылығы прокуратураның бақылауында.  

Жамбыл көлік прокуратурасы.