Шәкірттерге тәлім Берген Тұрсынай

Шәкірттерге тәлім Берген Тұрсынай
2000 жылы облыс орталығына көшіп келіп №47 орта мектебіне физика пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданады. Осы уақыт аралығында мектептен қалалық, облыстық пән олимпиадаларына оқушы дайындап жетістіктерге жеткен. 2007 жылдан қалалық пән олимпиадасының, 2008-2009 оқу жылынан бастап облыстық физика пәні олимпиадасының әділ қазы мүшесі. Тараз қаласы бойынша физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық тобында жұмыс атқаруда. Өзінің қызметтік өмір жолы барысында түрлі басқармалар мен жергілікті әкімдік тарапынан көптеген марапат алған. Әр жылдары кәсіподақ ұйымдарының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Құрмет грамотасымен марапатталды. Тұрсынай ұстаздың озық тәжірибесін үйренуге жас мамандар құштар. Озат педагогтың ұзақ жылғы ерекше тәжірибесін Тараз қаласындағы мектептерге таратып, жас мұғалімдерге бағдар ретінде тарту жұмыстары ойластырылуда. «Біздің мектепте осы білікті де озат маман Тұрсынай Исаханқызының еңбек етуі – үлкен абырой. Біздің ұжым ол кісіге үнемі құрметпен қарайды», – дейді аталған №47 орта мектеп директоры Айжан Әбдешова. Ол отбасында үш ұл бала тәрбиелеп өсірген ана, немерелердің шуағына бөленген бақытты әже. Тұрсынай Исаханқызы өмірлік мол тәжірибесі бар білікті маман, шәкірттерінің жүрегінен орын алған аяулы ұстаз.
Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ.
Тараз қаласы.