Денсаулық

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Жамбыл-жылу» МКК 2023 жылдың 1 қазанынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданысқа енгізілетін жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметінің тарифтерін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №74-НҚ бұйрығы негізінде бекітілгенін хабарлайды: 2023 жылғы 1 қазаннан бастап Тұрғындар үшін: есептеу аспаптары бар тұрғындарға 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 3 091,13 теңге; есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға жылу беру маусымында жылыту үшін: 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 3 880,27 теңге; – жалпы алаңның 1 м2 үшін ҚҚС-сыз 100,69 теңге; – ыстық сумен жабдықтау үшін төлемақы айына 1 адамға ҚҚС-сыз 717,87 теңге; есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй- жайларында, барақ типтегі үйлерде тұратын халық тобына жататын тұтынушыларға жылу беру маусымында жылыту үшін төлемақы: – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 3 233,56 теңге; – жалпы алаңның 1 м2 үшін ҚҚС-сыз 83,91 теңге; – ыстық сумен жабдықтау үшін төлемақы айына 1 адамға ҚҚС-сыз 598,22 теңге; бюджеттік мекемелерге: е септеу аспаптары бар бюджеттік мекемелерге 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 25 765,06 теңге; есептеу аспаптары жоқ бюджеттік мекемелерге 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 39 033,20 теңге; өзге де заңды тұлғаларға: есептеу аспаптары бар өзге де заңды тұлғаларға 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 22 554,25 теңге; есептеу аспаптары жоқ өзге де заңды тұлғаларға 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 32 324,11 теңге. «Жамбыл-Жылу» МКК әкімшілігі.