Мемлекеттік тілдегі кіріс хаттар 6,14 пайызға өскен
Мемлекеттік тілдегі кіріс хаттар 6,14 пайызға өскен
Жуырда облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Думан Мәуленовтің төрағалығымен өткен жиында есепті кезеңдегі атқарылған жұмыстардың нәтижесі мәлім болды. Басқосу барысында сот төрағасы Д.Мәуленов облыс орталығындағы орналасқан ауданаралық сотының жұмыс істеу ауқымы кеңеюіне байланысты Төле би көшесінен Т.Ақбозов көшесіндегі ғимаратқа ауысқандығы жөнінде жеткізді. – Бүгінгі күнге дейін сот үкімімен 62 тұлғаға қатысты 38 қылмыстық іс қаралды. Бұдан бөлек, 345 азаматтық іс бар. Ал, қылмыстық істер бойынша 37, азаматтық іске қатысты 232 және әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша 52 тұлғаға 52 қаулы шықты. Атап өтерлігі, бұл кезеңде медиация тәртібімен 35 азаматтық іс қысқартылды, – деді Д.Мәуленов. Жиында сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөнінде де келелі ой қозғалды. Сот төрағасының сөзінше, қазіргі таңда сот өндірісіндегі мемлекеттік тілдегі кіріс хаттары өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 6,14 пайызға өскен.
«Aq jol»-Aqparat.