Еңбекпен көркейген отбасы
Еңбекпен көркейген отбасы
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінің бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушысы, әділет кіші сержанты Сәуле Сәрсенбаеваның еңбек сүйгіштігі өскелең ұрпаққа қашанда үлгі. Ғибратты ғұмыр иесі бала күнінен-ақ адал еңбек етуге күш салады. Ал, отағасы Ғалымжан Абдиханов екеуі шаңырақ көтергелі ата-наларының үмітін ақтау үшін бар зейінін қызмет етуге арнайды. Жалпы, шын ниетпен кіріскен қай жұмыстың да нәтижелі болатыны бесенеден белгілі ғой. Осылайша, бұл жұп өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз атқарып, өзге қатарластарынан оқ бойы озық болуға тырысуда. Айта кетейік, Ғалымжан №59 мекемеде режим бөлімінің ақпараттық байланыс тобының бақылаушысы. Шені - кіші сержант. Тірлігі тиянақты, ел-жұрттың ыстық ықыласына бөленген жұбайлардың бұл күнде 2 қыз, бір ұлы бар.