Әлеумет

Аймақ басшысы Тараз қаласындағы №4 аумақтық округіндегі бірқатар нысандарды тексерді

Аймақ басшысы Тараз қаласындағы №4 аумақтық округіндегі бірқатар нысандарды тексерді

Бүгін таңғы 7:30-дан 9:00-ге дейін аймақ басшысы Тараз қаласындағы №4 аумақтық округіндегі бірқатар нысандарды тексерді. Ербол Қарашөкеев алдымен «Данқ» аллеясының жағдайымен танысып, аумақтағы көпқабатты тұрғын үй аулаларын аралап көрді. Сонымен қатар, «Жамбыл Жылу» МКК №1 қазандығы мен бұрынғы онкологиялық ауруханаға барды. 20 тұрғын уй мен Онкологиялық диспансерді жылумен қамтамасыз ететін қазандықтың жұмысымен танысқан Ербол Қарашөкеев, қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын бақылауда ұстау керектігін ескертті.  Облыс әкімі «Барысхан» тұрғын алқабында салынып жатқан жол құрылысын бақылады. Мұнда жоба бойынша жалпы ұзындығы 16,2 километрді құрайтын 24 көшені асфальттау қарастырылған. Ағымдағы жылы, бөлінген қаражатқа қоғамдық көлік жүретін 2 көше пайдалануға беріледі. Ербол Қарашөкеев Алматы тас жолындағы көпірдің жағдайымен де танысты Алдағы уақытта Талас өзені арқылы өтетін 2 көпірді қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ.