Саясат

ҚҰЛШЫНЫСЫМЫЗДЫ АРТТЫРА ТҮСТІ

ҚҰЛШЫНЫСЫМЫЗДЫ АРТТЫРА ТҮСТІ

20Туғанбай Есқұлов, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.

Шыны керек жаһандық дағдарыс, батыстағы елдердің текетіресі біздің еліміздің экономикасына кері әсерін тигізеді-ау деп қауіптенуші едік. Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауынан кейін күдігіміз сейіліп, қанаттанып қалдық. Жолдау әсіресе, бау-жібін түгендеп келе жатқан жаңатастықтарды қатты қуантқанын айтсам деймін. Елбасының моноқалалардың инфрақұрылымын жаңғырту турасындағы бағдарламасына сәйкес, қалада соңғы екі жылда қыруар тірлік тындырылды. Тек биылдың өзінде қаланың кәріз желілерін қалпына келтіруге 1139682 мың теңге бөлініп, ол толықтай игерілді. Жыл басынан бері 3653 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 5 мектеп, 1 балабақша, 1 шағын орталық жөндеу көрді. Келер жылы қаладан 280 орындық балабақша соғылады деп отырмыз. Ал жолдар жөнделсе, ол тұрғындардың көңіл-күйіне оң әсерін тигізіп, жұмыс сапасына да игі ықпал етпек. Айталық, биылдың өзінде қаланың 3 көшесі мен Қызылдиқан, Түркістан-Арыстанды жолдары орта жөндеуден өткізіліп қойды. Сол сияқты фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айта берсек, қала мен елді мекендердің инфрақұрылымдарын жайластырудағы атқарылып жатқан істер қыруар. Міне, осы игілікті істеріміз, межелеген жоспарларымыз жалғасын табатын болды. Және оған республикалық бюджеттен қыруар қаржы бөлініпті. Елбасының Жолдауынан осыны ұғынып, бүгіннен бастап еңбегімізді одан әрі еселей түсуге бел буып отырмыз.

Сарысу ауданы.