Түзеу мекемелерінде сотталғандар білім алуда
Түзеу мекемелерінде сотталғандар білім алуда
Өңірлік ҚАЖ департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы, әділет подполковнигі Аймен Тайтелиеваның айтуынша, департамент басшылығы тарапынан жеке кәсіпкерлермен әріптестік қарым-қатынас орнатуға айрықша көңіл бөлінуде. – Сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін қолымыздан келгенше тырысып жүрміз. Осы мақсатта өңірлік кәсіпкерлер палатасының мүшелері, бизнесмендер, прокуратура органдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қылмыстық- атқару жүйе сі депаратментінің қызметкерлерінің басын қосатын жиындар ұйымдастырылуда. Мұндай басқосуларда бұл мәселе кеңінен талқыланады. Жалпы, барлық кәсіпкерлерді түзеу мекемелерінде жұмыс орындарын ашуға шақырамыз. Әсіресе, шағын бизнес өкілдерін. Біле білген адамға бұл өте ұтымды болмақ. Себебі, өз жұмысын колонияда бастаған кәсіпкер еңбекке тартылған жазасын өтеушіге көп қаражат төлемейді. Ең бастысы, жабық мекемеде еңбекке т артыламын дегендер аз еме с. Біздіңше, шағын және орта бизнес өкілдерімен қарым-қатынас орнату арқылы көптеген түйткілді мәселелерді шешуге болады. Тек жан-жақты қолдау және мүдделік таныту қажет, – деді Аймен Ақылбекқызы. Қазіргі таңда қолданыстағы заңға сәйкес, сот үкімімен кінәлі деп танылған сотталған азаматтардың абақтының ар жағында отырып белгілі бір мамандықтың иесі атануына да мүмкіндік бар. Темір торға тоғытылған жандар ҚАЖ мекемелерінде орта және кәсіптік білім алып, мерзімі аяқталғанша сол мекемеде ақылы жұмысқа орналасып, жалақы алып, қылмыспен келтірілген шығындарын өтеуде. Бұдан бөлек, олар туған- туысына материалдық көмек көрсету және жеке өзіне аса қажетті тұрмыстық заттарды сатып алу үшін еңбек етеді. Атап өтерлігі, өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №25, 58 және 59 түзеу мекемелерінде орналасқан №15 колледже 340 сотталған азамат білім алуда. Оларға 2023-2024 оқу жылы аясында бас-аяғы 6 мамандық: токарлық іс және металл өңдеу шебері, пісіру ісі, электрмен қамтамасыз ету, кран машинисті, жиһаз өндірісі сондай-ақ, ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану бойынша дәріс оқылуда. Жазасын өтеуші Әнуар осындай мүмкіндікке ие болған жандардың бірі. Жастықтың жалынымен жаңылып, жаза басқан ол түзеу мекемесінде білім алып, маман иесі атанатынына қуанышты. – Өз басым мектепте жақсы оқыдым деп айта алмаймын. Мінезім жастайымнан ауыр болды. Жоғары білім ала алмадым. Түзеу колониясына келгеннен кейін мен бұл мүмкіндікті жіберіп алмау үшін бар күшімді салуға тырыстым. Бүгінде электрмен қамтамасыз ету мамандығында білім алып жатырмын. Қазірдің өзінде біраз дүние үйрендім. Диплом алғаннан кейін мекеме қызметкерлері мені қылмыстық- атқару жүйесі мекемесінің өндірістік аймағына жұмысқа орналассам деген ойым бар. Менің арманым – бостандыққа шыққан соң өз ісімді ашу. Осы арманымды іске асыру үшін әлеуметтік-құқықтық көмек алып, мемлекеттен өтеусіз қаражатқа қол жеткізу, – дейді ол.
Есен ӨТЕУЛІ