Астанада Халықаралық журналистика мектебі ашылды
Астанада Халықаралық журналистика мектебі ашылды
Бүгін Maqsut Narikbayev University-де Халықаралық журналистика мектебі ашылды.
Шараға ҚР Президентінің Кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Берік Уәли, ҚР Президентінің Телерадиокешені Бас директоры Раушан Қажыбаева, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм, сондай-ақ бірнеше мемлекеттердің елшілері мен өкілдері қатысты. Халықаралық журналистика мектебі жобасы - Қазақстандық БАҚ үшін шығармашылық және техникалық мамандарды даярлау мақсатында ҚР Президенті ТРК-мен бірге жүзеге асырылған.