Әлеумет

Көтерілген мәселеге кері байланыс

Көтерілген мәселеге кері байланыс

Облыстық «Aq jol» газетінің 20 шілде күні жарық көрген №79 санында жарияланған Қамар Қарасаеваның «Күтімі кеткен көне шаһар» мақаласында көтерілген мәселе бойынша «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен жауап хат келді. Онда бөлім басшысының міндетін атқарушы Ғ.Алтаев былай депті: «Мақалада көрсетілген Төле би көшесі мен әл-Фараби көшесінің қиылысында орналасқан құлаған құмыраға биыл да гүлдер егілген болатын. Алайда, қараусыз, иесіз иттер құмырадағы гүлдерге жатып, сындырып кеткен. Тараз қаласы көшелері мен саябақтарына күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуде. «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күнделікті бекітілген кестеге сәйкес гүл күтімін де, күл-қоқыстан тазарту жұмыстарын да уақтылы орындап келеді. Мақалада көрсетілген Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан «Аллея мира» алаңшасының да шөптері орылды».