- Advertisement -

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

39

- Advertisement -

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Арнаулы өкілге алдағы шараларға, атап айтқанда биыл қараша айына жоспарланған Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ негiзгi Конвенциясына қатысушы тараптардың 28-конференциясына және 2026 жылы БҰҰ аясында өтетін Аймақтық климаттық саммитке дайындық жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Сондай-ақ Президент шетелдік серіктестермен арадағы ықпалдастықты, соның ішінде экономиканы декарбонизациялау және ауаға таралатын метан мөлшерін азайту бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті.

 

Akorda.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support