Құқық

Жеке құрам қызметкерлері психологиялық тест тапсырды

Жеке құрам қызметкерлері психологиялық тест тапсырды

Пенитенциалық мекемелерде қызмет ететін қызметкерлер психологиялық тұрғыда әлсіз болмауы тиіс. Өйткені, сот үкімімен кінәлі деп танылған азаматтармен жұмыс істеу айтуға ғана оңай. Бұл ретте жеке құрам қызметкерлерінің жүйелі түрде психологиялық тест тапсыруы артықтық етпейді.

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінде аталған департаменттің аға инспекторы, әділет капитаны, психолог Анна Дмитриенконың бастамасымен дәл осындай форматта жиын өтті. Бұл күні жеке құрам қызметкерлері арнайы дайындалған психологиялық тест тапсырды. Жалпы, мұндай тест әр адамның өзін-өзі тануына мол мүмкіндік береді.