Саясат

Елді көркейтетін білім мен еңбек

Елді көркейтетін білім мен еңбек

13Амангүл ЖАНҒАЗЫ, Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Мемлекет басшысы жуырдағы отандық телеарналар журналистеріне берген сұхбатында ел алдына үлкен міндеттер қойды. Әсіресе, еңбектің, еңбек тәрбиесінің адам өмірінде аса маңызды орын алатынын ерекше атап көрсетіп «...Тәуелсіздік пен еңбек екеуі сабақтас. Еңбек адамның өзін өсіреді. Еңбек адамды өзіне-өзін сенімді етеді. Еңбек адамға табыс береді, еңбек адамға дәреже береді, еңбек адамға лауазым береді. Арманына жеткізеді» деп айтқан ойы барша қазақстандықтардың көңілдеріне ұялап, жүректерін тебірентті. Елбасы атап көрсеткендей, тәуелсіздігін сақтап қалатын елдің мықты экономикасы, мықты қорғанысы, сауатты азаматтары болуы тиіс. Мұның бәрі еңбексіз жүзеге аспайтыны және белгілі. Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай – 20 қадам» атты еңбегінен бастау алған бүкілқазақстандық қозғалыстың келер жылы да жасампаздықпен үздіксіз жалғастырылатыны қуантады. Берері мол бағдарламалар, ауқымды жобалар жүзеге асырылып, аса ірі темір жол, автомобиль және әуе жолдары, әлеуметтік нысандар Ұлттық қордан бөлінер қаржы есебінен көптеп салына бастайды. Бұл бізді ерекше серпіліске бастап отыр. Дүниежүзін алаңдатып отырған қаржы дағдарысы қиындықтарын осылайша еңбегімізбен, ізденісімізбен, ел тұрғындары жаппай еңбекпен қамтылуымен еңсеретін боламыз. Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогикалық ұжымы да жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар, оларды отансүйгіштікке, еңбекке баулуға өзіндік үлесін қосуда. Бұл, біздің, мұғалімдердің абыройлы борышы. Асыл мұраттарымыз алға жетелей де бермек. Қазақстан, тек алға!