- Advertisement -

Хабарландыру

52

- Advertisement -

2023 жылдың 25-27 қыркүйегі аралығында Тараз қаласы аумағында «Борышкер-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

«Борышкер-2023» іс-шарасының мақсаты құқық бұзушыларға қатысты салынған айыппұлдарды барынша өндіру, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттілігі туралы халықты хабардар ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әкімшілік айыппұлдарды жеті тәулік ішінде төлесе, онда көрсетілген соманың елу пайыз мөлшерін ғана төлейді.

Көлік жолындағы рейдтік іс-шаралар кезінде патрульдік полиция қызметкерлері тиісті мәліметтер базасы бойынша автокөліктердің нөмірлеріне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізеді. Егер жүргізуші борышкерлер тізімінен табылса, көлік құралы қарызды өтегенге дейін айыппұл тұрағына қойылады.

Сондай-ақ, азаматтар өз айыппұлдарын келесі тәсілдермен тексеруге және төлеуге болатындығын хабарлайды: онлайн режимінде «Egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильді қосымшалардағы qamqor.gov.kz., Kaspi.kz Egov.kz. интернет-сайттары арқылы онлайн төлем жасауға болатындығын хабарлайды.

 

Тараз қаласы

Полиция басқармасы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support