Билібай Мүсілімов, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының доценті. Елбасы 15 желтоқ-санда Елордамыздағы «Астана Опера» театрының төрінен Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатта сөйлеген сөзінде «Тәуелсіздік толғауын» жария етті. Бұл Елбасының жүрекжарды толғанысы бәрімізге өсиет – елді, Отанды сүюдің үлгісі. Бұл – тарихи құжат!
«...Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі.
Тәуелсіздік – кешегі батыр бабалар өсиет еткендей Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі.
... Тәуелсіздік дегеніміз – жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі.
...Мәңгілік Ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көк байрағын нық ұстаймыз, оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата беретін боламыз.
Бұл – біздің мәңгілік ұстанымымыз!»
Бұл жолдарды тікелей Қазақсанның келешегі – жастарға арналған өсиет деп қабылдауымыз керек. Мемлекет басшысы отандық телеарна тілшілеріне берген сұхбатында да егемендік, елдік, еркіндік тақырыбын тарқата тілге тиек етті. Сондықтан, еліміздің барлық мекемелерінде, ұйымдарында, әсіресе, білім беру мекемелерінде (балабақша, мектеп, арнаулы орта оқу орындары, колледждер, ЖОО-ларда) Елбасының Ұлытаудағы толғанысы мен «Тәуелсіздік толғауы» мазмұнын және өмірлік тарихи маңызын бүгінгі әрбір жеке жастарға келелі ой тастау мақсатында қысқаша жедел курстар немесе семинарлар өткізген жөн болар еді деп есептейміз.
Өйткені, мойындауымыз керек, бүгінгі жағдайда жастарымыздың көбісі газет және кітап оқығанды азайтты, ал кейінгі кездері тіпті теледидар қарау да жастар арасында азая бастады, көп жастар интернетке кіруге әуестене бастауда. Міне, осы олқылықтарды жоюға қысқаша жедел курстар немесе семинарлар оң ықпалын тигізер еді деп ойлаймыз. Бірде-бір жасты бұл мәселеден тыс қалдырмауға тырысуымыз керек. Онсыз біздің біраз жастар тарихи маңызды ақпараттан, оқиғадан тыс қалуы мүмкін.
Тәуелсіздік толғауы жас ұрпақтың жадында жаңғырып, Тәуелсіздік Рухы әрбір жас азаматтың жүрегінде тербелсін десек, осындай арнаулы қосымша іс-шараларды дер кезінде өткізу қажет. Оның тек пайдасы, жақсылығы болады деп ойлаймыз.
Биылғы қараша айында жарияланған Елбасының жаңа Жолдауы – экономикалық жаңа серпіліс жасаудың алғышарты мен бас жоспары және алдағы уақытта болуы ықтимал қиындықтардың алдын алуға бағытталған маңызды бағдарлама деп есептейміз. Елбасы: «Нұрлы жол» – бұл барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер. ... «Нұрлы жол» біздің елдік құндылықтарымызды қадіріне жеткізетін мәңгі жол» деген философиялық сөздерді айтты. Біздің ойымызша, бұл ғибратты сөздер біздің бәрімізге, оның ішінде , бірінші кезекте бүгінгі ұрпақтарымызға, жастарға арнап айтылған. Ал оны жастар дұрыс қабылдауы үшін аға буынның ықпалы, қолдауы керек-ақ.
Әрбір жас азаматтың жүрегінде «Менің елім, менің Отаным, менің жерім» деген патриоттық сезімді нақты осындай тарихи кезеңдерде дер кезінде оята білсек, өте орынды болар еді. Ең үлкен байлық – біздің жеріміз, біздің Тәуелсіздігіміз. Елбасы осындай құндылықтарымызды қастерлей білуге шақырып отыр. Соны біз барлық қазақстандық жастарға жеткізуіміз керек, бұл іс-шарадан ешкім тыс қалмауы тиіс.
Білім беру мекемелерінің оқытушылары, мұғалімдері, ЖОО-лар профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар, барлық деңгейдегі басшылар, шенеуніктер, Парламент және маслихат депутаттары жастар арасында биылғы тарихи үш оқиғаны – Елбасы Жолдауы, Ұлытау толғанысы, Тәуелсіздік толғауын насихаттауға баса назар аударулары қажет. Бетпе-бет әңгіменің орны бөлек екенін барлық деңгейдегі жауапты азаматтар түсінуі тиіс деп ойлаймыз, әсіресе, әсерлеп отырып жеткізудің орны бөлек, соған баса назар аудару қажет.
Біздің бұл бағыттағы жұмыстарымыз – Қазақстанның Мәңгілік Ел болуына қосқан үлесіміз болатынын ұмытпайық!
Елбасы 15 желтоқ-санда Елордамыздағы «Астана Опера» театрының төрінен Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатта сөйлеген сөзінде «Тәуелсіздік толғауын» жария етті. Бұл Елбасының жүрекжарды толғанысы бәрімізге өсиет – елді, Отанды сүюдің үлгісі. Бұл – тарихи құжат!