Аэрофототүсірілім жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен 24.03.2023ж өткен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы хаттамасының 3-бөлімі 2-тармағына және облыс әкімінің төрағалығымен 2022 жылы 2 наурызында өткен аппараттық кеңестің №46 хаттамасының 2-тармағына сәйкес, 2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында Сарыкемер, Аса, Б.Момышұлы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Құлан ауылдарына масштабы 1:500, кеңістіктік рұқсаты 5 см/пиксель болатын аса жоғары шешімді аэрофототүсірлім жұмыстары ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы «КАЗГИСА» ЖШС тарапынан жүргізілетін болады.
Атап айтқанда:
Жуалы ауданы Б.Момышұлы а. – 20-23.09.2023ж,
Мойынқұм ауданы Мойынқұм а. – 25-28.09.2023ж,
Қордай ауданы Қордай а. – 30.09-03.10.2023ж,
Меркі ауданы Меркі а. – 05-09.10.2023ж,
Т.Рысқұлов ауданы Құлан а. – 10-14.10.2023ж,
Жамбыл ауданы Аса а. – 15-19.10.2023ж.
Байзақ ауданы Сарыкемер а. – 15-19.10.2023ж.
Аэрофототүсірілім жұмыстары өз кезегінде, картографиялық деректердің, яғни әрбір елді мекеннің даму жоспарларының (бас жоспарлар мен оңайлатылған сызба, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары), қала құрылысы талаптары (қызыл сызық, әртүрлі қорғау аумақтары, өндірістік аумақтар) мен нормаларын, бос жер учаскелерін белгілі бір масштабпен және тура дәлдікте облыстың Геопорталына және республикалық «Жария кадастрлық картаға» орналастыруға мүмкіндік беретін болады.
Сонымен бірге, аэрофототүсірілім жұмыстары 2023 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жер учаскелерін берудің жаңа әдісі туралы қабылдаған жаңа Заң жобасын (Жер Кодексіне 44-2 бап) іске асыруда, оның ішінде жер учаскелерін электронды түрде (сауда-саттық арқылы және өтініш берушінің өзі белгілеп, сызу арқылы) беруде мүмкіндік беретін болады.
Осыған байланысты, Басқарма басшысы 20.09.2023ж «КАЗГИСА» ЖШС өкілдерімен аэрофототүсірілім жұмыстары бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында атқарылатын жұмыстардың барысы талқыланып, әрбір аудан әкімдерімен жеке-жеке сөйлесіп, түсіндірілді.
Осы орайда, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм және Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарына аталған жұмыстарға түсіністікпен қарау сұралады.
Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ,
облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
Comments are closed.