Құқық

Жазасын өтеушіге қылмыстық іс қозғалды

Жазасын өтеушіге қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі таңда өңірлік ҚАЖ қызметкерлерінің тарапынан сот үкімімен кінәлі деп танылған жазасын өтеушілерге түзеу мекемесінің ережесін бұзбау жөнінде тиісті түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізілсе де, заңға қайшы әрекеттерге баратын сотталған азаматтар да бар. Бірер күн бұрын дәл осындай өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінде дәл осы сипаттағы заңсыз әрекет орын алған.

Бұл күні мекеменің бақылаушылық бөлімінің бақылаушысы әділет аға сержанты Д.Майлыбаев Қылмыстық-атқару Кодексінің 143-бабының талаптарына сәйкес, бірінші кезекте қажетті заттарын алу үшін мекеме аумағынан тыс шығарылған жазасын өтеуші Н. есімді азаматқа тиесілі бір дана темекі қорабының өзгергенін байқайды. Сол сәтте күдік туғызған затты анықтау мақсатында оқиға орнына Жамбыл аудандық полиция бөлімінің тергеп-тексеру тобы шақыртылып, сотталған азаматты облыс орталығындағы наркологиялық диспансерге жөнелтеді. Нәтижесінде жазасын өтеушінің бойында «канобиноид тұтыну фактісі масаң күйде болу белгілері жоқ» деп көрсетілген. Десе де, сотталған азаматқа Қылмыстық-атқару Кодексінің 104-бабы, 13-бөлігі, 13-тармағына және 130-баптың 2-бөлігі, 8-тармақшасына сәйкес, мекеме талаптарын бұзып, 0,23 грамм «кептірілген марихуана» кіргізгені үшін Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.  

«Aq jol»-Aqparat.