Құқық

Жазасын өтеушілер арасында шахматтан жарыс өтті

Жазасын өтеушілер арасында шахматтан жарыс өтті

Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында шахматтан жарыс өтті.

Сайыстың мақсаты – сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру әрі олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Бірнеше сағатқа созылған жарыста сотты болғандар шаршы тақта үстінде тез ойлауға, жылдам шешім қабылдап, алма-кезек жүріс жасап, тартысты ойын өрнегін көрсетуге күш салды. Ой сарабына салмақ салатын ойында қарсыластарына дес бермеген 3 жазасын өтеуші өз мықтылықтарын дәлелдеп, өзгелерден оқ бойы озық шықты. Жарыс соңында мекеме әкімшілігі тарапынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы грамота табыс етілді.