Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық байланыс нығая түспек
Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық байланыс нығая түспек
Ерұлан Жамаубаев 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 65,1%-ға өсіп, $1,9 млрд-қа жеткенін атап өтті. Қазақстан экономикасына сингапурлық капитал инвестициясының тұрақты өсімі байқалады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында $92,2 млн жиналды. Ал жалпы 20 жылдан аз уақыт ішінде Сингапурдан $1,2 млрд тартылды. Сондай-ақ ол бүгінде Қазақстанда сингапурлық капиталдың қатысуымен 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.
Сонымен қатар вице-премьер Сингапурдың Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы негізгі серіктес ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында «Surbana Jurong Group» компаниясының бас директоры Шон Чао Қазақстан мен Сингапур аймақтарын түрлі салалардағы көп жылдық тығыз ынтымақтастық байланыстыратынын, оны кеңейту үшін жеткілікті әлеует бар екенін жеткізді.