Саясат

Егемендік пен ертеңгі күнге сенім

Егемендік пен ертеңгі күнге сенім

14Бақтыбай Саудабаев, аудандық мәслихаттың хатшысы.

«Елдік ерлікке жеткізеді». Қазақтың өмірлік ұстанымы іспеттес бұл нақылдың тереңінде баға жетпес түсінік жатыр. Талай тарихты басынан кешіріп, уақыттың сан алуан сынын көрсе де, болашағынан үміт үзбей, жеңісті күндерге ғана сенімін жалғаған халықты Ер демеске таңдау жоқ. Бабалар аманаттаған байтақ даланы, баға жетпес құндылықтарымызды қызғыштай қорғап, ынтымағын ыдыратпай ұстап тұру ұлт тектілігінің, еңселі елдіктің белгісі болса керек. Елбасы Н.Ә. Назарбаев биылғы Тәуелсіздік күніне орай сөйлеген сөзінде, «Тәуелсіздік – өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш және келешек ұрпақ алдындағы зор жауапкершілік» деді. Ал «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясатында егемендік құндылықтарын тұғырлы етіп, болашаққа нық қадаммен аттауға жол сілтейтін айқын бағыттарды көрсетті. Біз ежелден еркіндікті сүйген халықпыз, сондықтан бұл жолда ұлы жетістіктерге қол жеткізу – қазақ үшін заңдылық. Жас мемлекетті әлемнің төріне оздырған тәуелсіздік – қанымызға сіңген қайратты рухымыздың, бостандыққа деген үздіксіз ұмтылысымыздың нәтижесі. Биік рух, берік ынтымақ және халқымыздың адал еңбегі егемендік туы төбемізде желбіреген санаулы жылдар ішінде мемлекетіміздің мәртебесін көкке көтерді. Дамудың даңғыл жолына түсіп, Елбасы бекіткен міндеттер мен мақсаттар ізімен талай жоспарды жүзеге асырдық. Өткенге көз тастасақ, тәуелсіздік алған алғашқы жылдар мен бүгіннің арасында талай іс тындырылғанын айқын аңғаруға болады. Осыдан он-он бес жыл бұрын халықтың біразының көкейінде келер күнге деген үміттен гөрі күдік басымдау болғаны да жасырын емес. Алайда, әр қазақстандықтың бабалар мұрасы алдындағы жауапкершілігі мен ұлттық намысы барлық қиындықты артқа тастатты. Тәуелсіздіктің әр таңы үшін кеудемізді қуаныш пен мақтаныш сезімі қатар кернесе, өткенімізге де өкпе артуға болмайтынын есте ұстау керек-ақ. Адам да, қоғам да қиындықтар мен тосқауылдар арқылы шыңдалады. Сондықтан, тарихымызға құрметпен қарап, оның әр сабағын санада мұқият ұстаған абзал.

Бақтыбай Саудабаев, аудандық мәслихаттың хатшысы.

Шу ауданы.