- Advertisement -

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының босаған орнына сайлау өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

41

- Advertisement -

Жамбыл облыстық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 6-бабы 7-1-тармағына сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының босаған орнына сайлау өткізетіндігі жөнінде хабарлайды.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар қабылданады. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағы, 19-бабының 3-тармағына және «Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 желтоқсандағы №129/624 қаулысына сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелігіне кандидаттарға келесідей міндетті біліктілік талаптары қойылады:

Сайлау комиссиясының қызметін қаржылық сүйемелдеу мәселелеріне жауапты мүше үшін: жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білу.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде қаржы қызметін ұйымдастыру саласында мамандығы бойынша үш жылдан кем емес;Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиясы мәслихатқа келесідей құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер (№1 қосымша);

2) аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері (№2 қосымша);

5) соттылығы жоқ туралы анықтама;

6) психикалық, наркологиялық және туберкулез диспансерінде тіркеуде жоқ туралы анықтама.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері облыстық мәслихаттың https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl?lang=kk сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын азамат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес келуі тиіс.Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуы тиіс.

Мәслихат жанындағы уақытша жұмысшы комиссиясының мекенжайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы 125, кабинет №307, байланыс телефоны: 8 701 989 81 81 Мамышев Мұхтар.Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 7 мен 21 қыркүйегі аралығында дүйсенбі-жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін.

Мереке және демалыс күндері үзіліссіз сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін.Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.

 

Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы                                                             А.Нұралиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support