Әлеумет

Ербол Қарашөкеев: Жылыту маусымына толығымен дайын болуымыз керек

Ербол Қарашөкеев: Жылыту маусымына толығымен дайын болуымыз керек

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Басқосуда баяндама жасаған энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, облыс нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ету үшін іс-шаралар жоспары мен облыстық штаб жұмысының кестесі бекітілген. Бүгінге дейін штабтың төрт отырысы өткен. Облыс бойынша 9 негізгі жылу энергетика кешендері және 593 автономды қазандықтар бар, олармен жалпы 1 737 әлеуметтік нысан мен 1649 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етіледі.

Облыс әкімі, жылу құбырларын ауыстыру және бірқатар қазандықтардың жөндеу жұмыстарының барысын сұрады. Тұрғындар мен мекемелердің коммуналдық қызмет үшін қарыздарын есептеу және қайтару шараларын да назарға алды. Сондай-ақ, аймақ басшысы мәдениет, білім, денсаулық сақтау, спорт салаларындағы нысандардың да дайындығы бойынша тиісті басқармалардың есебін тыңдады. Бірқатар аудан әкімдерінен де жауаптар алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі