Әдебиет

Байлығым - Егемендігім

Байлығым - Егемендігім

Айша Көпжасарова, ақын.

Нұр болмаса жанымда менің сәулелі, Ұлттық Рухым қалғып кетпей ме әуелі. Жүрегімді лүпілдетер тынымсыз, Кеудемдегі еркіндіктің әуені.

Тәуелсіз ел болу еді арманым, Орындалды ұлы үмітім, алдағым. Орамды оймен орайлы сөз айта алсам, Өзгелерден мысы басым болғаным.

Байлығым басы Егемендігім, Азаттықты тұғырлы ету – ендігім. Іргем бекіп, ынтымағым жарасса, Үйлесімім, осы емес пе, теңдігім!?

Төрткүл дүние назарындамын, бақытты, Елбасым бастап, ұтып келемін Уақытты. «Нұрлы жолмен» келед халқым адаспай, Орнатамыз деп Мәңгілік елдей – жақұтты.

Жұпар аңқып, төскейімде жел есіп, Қабырғаммен жүремін ылғи кеңесіп. Қожасынып топырағың, суың, тасыңа... Шыңдарға шығам бой салыстырып, теңесіп...

Жарқын ғұмыр кешу үшін ұрпағым, Игі істерді мақсат-мұрат тұтамын. Көңіл көгің көк аспанмен астассын, Көк байрағы көлбеңдеген Отаным!