Сөз бен тіл – егіз

3

Адал ауыздан сасық сөз шықпас,

Арсыз, айтқан ақылды ұқпас.

***

Өткір сөз – қышыған жеріне тиер,

Тілмен байланған не жанар, не күйер.

***

Түсінген, сөз қадірін білер,

Қара сөз де қамшыдай тілер.

***

Түсінбеске сөз айтпа, далаға кетер,

Жаманға сөз айтсаң, өзіңнен маза кетер.

***

Уағдасыз сөз – ұйытқи соққан жел.

***

Ауыр сөз жүрекке салмақ түсірер,

Жүйелі сөз дауды шешіп, пісірер.

***

Әрбір айтқан ақыл сөз – аялауға тұрарлық,

Есіткенде зіл сөзді, өң де кетер қуарып.

***

Зілді сөз – жүрекке жетер,

Жеңіл сөз – жүректі тесер.

***

Түтіктірер кәрлі ызғарлы сөз – қадалар оқ.

***

Ескен самалдай алдамшы, аяр сөз – еміндіріп ертіп кетер.

***

Жанды жадыратып, ұйытатын да сөз,

Ойды жетектеп, үйіретін де сөз.

***

Әзілде де шындық жатар,

Зіл батпанмен тұралатар.

***

Қабаттаса сөйлеудің мәні болмас,

Түсініксіз естілген соң, миға қонбас.

 

Нұрмахан ТІЛЕГЕНОВ,

Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, Жамбыл облысының құрметті ардагері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support