Әдебиет

Сөз бен тіл – егіз

Сөз бен тіл – егіз

Адал ауыздан сасық сөз шықпас, Арсыз, айтқан ақылды ұқпас. *** Өткір сөз – қышыған жеріне тиер, Тілмен байланған не жанар, не күйер. *** Түсінген, сөз қадірін білер, Қара сөз де қамшыдай тілер. *** Түсінбеске сөз айтпа, далаға кетер, Жаманға сөз айтсаң, өзіңнен маза кетер. *** Уағдасыз сөз – ұйытқи соққан жел. *** Ауыр сөз жүрекке салмақ түсірер, Жүйелі сөз дауды шешіп, пісірер. *** Әрбір айтқан ақыл сөз – аялауға тұрарлық, Есіткенде зіл сөзді, өң де кетер қуарып. *** Зілді сөз – жүрекке жетер, Жеңіл сөз – жүректі тесер. *** Түтіктірер кәрлі ызғарлы сөз – қадалар оқ. *** Ескен самалдай алдамшы, аяр сөз – еміндіріп ертіп кетер. *** Жанды жадыратып, ұйытатын да сөз, Ойды жетектеп, үйіретін де сөз. *** Әзілде де шындық жатар, Зіл батпанмен тұралатар. *** Қабаттаса сөйлеудің мәні болмас, Түсініксіз естілген соң, миға қонбас.  

Нұрмахан ТІЛЕГЕНОВ,

Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, Жамбыл облысының құрметті ардагері.