Ветеринария саласындағы комплаенс-офицерлерімен кездесу өтті
Ветеринария саласындағы комплаенс-офицерлерімен кездесу өтті
Осыған орай ветеринария саласында комплаенс қызметін сапалы жүзеге асыру мақсатында Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Қ.Байгебаев «Antikor» сервистік орталығында ветеринария саласындағы мекеме басшыларымен және комплаенс-қызметіне жауапты мамандарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Департаменттің Превенция басқармасының офицері А.Кулданова сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметін жүзеге асырудың тиімді жолдарына тоқталып, осы саладағы жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ішкі талдау жүргізудің негізгі қағидалары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстарды сапалы орындау қажеттігі туралы ескертілді.