Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесу өтті
Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесу өтті
Осыған орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша кездесу өтті. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Қ.Байгебаев, Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Е.Момбаев қатысты. Іс-шара барысында республика аумағындағы сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар бойынша әзірленген бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың кері әсері, елдің дамуына тигізетін зардабы, жемқорлық әрекеттер үшін қарастырылатын жауапкершілік туралы айтылды. Өз кезегінде, Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы полковник Е.Момбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін түбегейлі қадамдар жасайтынын мәлімдеді.