Саясат

Мемлекет басшысы Эстония Президенті Алар Кариспен келіссөз жүргізді

The final spritzer

Мемлекет басшысы Эстония Президенті Алар Кариспен келіссөз жүргізді

Кездесу барысында екі мемлекеттің түрлі саладағы ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев эстониялық әріптесіне Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, соның ішінде шетелден инвестиция тартуға және инвесторларды қорғауға бағытталған шаралар жөнінде мәлімет берді. Тараптар өзара ортақ мүддені көздейтін салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады және бір-бірін өз елдеріне арнайы сапармен келуге шақырды. Сонымен қатар президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және БҰҰ, Еуропалық Одақ, ЕЫҚҰ аясындағы көпжақты қатынастарды қарастырды.

Akorda.kz