Словения Президенті Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін растады

7

– Ынтымақтастықты нығайтуға әрдайым мүмкіндік бар. Біздің елдеріміз арасында ешқандай түйткілді мәселе жоқ. Мен де Сізді елімізге арнайы сапармен келуге шақырамын, – деді Наташа Пирц-Мусар.

Тараптар халықаралық мәселелер бойынша да пікір алмасты. Атап айтқанда, әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, БҰҰ құрылымын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Орталық Азия мен Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.

Президенттер халықаралық құрылымдар аясында өзара тығыз қарым-қатынас жасау жөнінде уағдаласты.

 

Akorda.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support