Әлеумет

Біз өз қаражатымызды басқара білеміз бе?

Біз өз қаражатымызды басқара білеміз бе?

Байлық – таңдаулы адамдар үшін. Баршылықта өмір сүру үшін еңбектену керек. Іскерлік қабілетің болмаса, бизнесте табысқа жете алмайсың. Мұндай қате көзқарастар адамның санасында қалыптасып бекіген жағдайда адам өзінің қаржысын саналы түрде басқара алмайды. Тапқан табысынан артық мөлшерде жұмсап отырады, қарызға батады немесе керісінше әрбір ұсақ-түйекке ақша үнемдеумен, ауыр күндерге арнап ақша жинап отырады. Жағдайды түзетуге қаржылық сауаттылықты арттыру көмектеседі. Ендеше ақшамен қазіргі заманғы қатынастардың негіздері туралы айтып көрелік.

Сауаттылық не үшін қажет?

Өз қаржыңызды басқару принциптерін ұстану арқылы сіз табысыңызға сәйкес өмір сүруді және өзіңіздің әл-ауқатыңызды жоспарлы түрде арттырып отыруды үйренетін боласыз. Қаржылық тұрғыдан сауатты адам мынаны біледі: өзіне және жақындарына күтпеген жағдайларда қаржылай қорғауды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, тұрақты жұмыс болмағанның өзінде әдеттегі тіршілік деңгейін сақтап отыру, ақшаны жинақтап және арттыру, қосымша табыс көздерін табу, алаяқтық қаржылық сұлбаларды тану, жұмыс берушіге, зейнеткерлік реформаға, елдегі экономикалық жағдайға тәуелді болмау – және өзінің күші мен мүмкіндіктеріне ұмтылу. Қаржыны сауатты басқару дегеніміз – шығындар кірістен аспайды, ал бос қаражаттың барлығы «жұмыс істейді», яғни пайда әкеліп отырады. Көпшілігіне мұндай ауқаттылық деңгейі қол жетімсіз болып көрінеді: жалақыдан жалақыға дейін өмір сүріп отырсам, бос ақшаны қайдан аламын? Шындығында, әркім үнемдеуді, инвестициялауды, пассивті кіріс алуды үйренсе, қаржылық сауаты артады. Мұны істеу үшін Сіз бюджетті бөлудің негіздерін түсініп, ақша әдеттеріңізді біртіндеп өзгерте бастауыңыз керек. Мысалы, қажетсіз заттарға импульсивті шығындарды бақылау үшін, кем дегенде, кірістер мен шығыстардың есебін жүргізу. Экономика – дәлдік ғылым; материалдық жағдайыңызды жақсарту үшін оның заңдарымен танысып және оларды практика жүзінде қолдансаңыз жеткілікті.

Есеп жүргізу

Түскен ақша мен жұмсалған ақшаның есебін жүргізіп отыру – қаржылай сауатты адамның пайдалы әдеті. Бір айдан кейін-ақ сіз ақшаны қалай жұмсап отырғаныңызды және қандай қателіктерге жол бергеніңді көретін боласыз. Барлық шығындарды бағыт бойынша жіктеу арқылы тіркей бастаңыз. Мысал: 1-топ – ағымдағы шығындар: сізге күнделікті қажет болатын азық-түлік пен тауарларды сатып алу, 2-топ – міндетті төлемдер: несиелер, коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс, 3-топ – ойын-сауықтар: кино, бар, әріптестердің туған күндері, 4-топ – ірі мөлшерде сауда жасау, 5-топ – автокөлікке қатысты, сонымен бірге сақтандыру мен жанармайға қатысты шығындар. Егжей-тегжейін өзіңіз белгілейсіз: шығындардың есебін жүргізудің 1-2 айынан кейін сіз өзіңізге ыңғайлы жіктеу жүйесін қалыптастырып аласыз. Есепке барлық шығындарды, тіпті елеусіз болып көрінетіндерді де қосыңыз. Кірістеріңізді де жазып отыруды ұмытпаңыз. Тек жалақыңызды ғана емес, сондай-ақ басқа табыс көздерінен түсіп отырған кірістерді, сонымен бірге салымдар бойынша пайыздарды және егер картаңызға кешбэк қосып төленіп отырса, соны да есепке алып отырыңыз. Нәтижесінде сіз өзіңіздің қаржылық жағдайыңыздың нақты бейнесін аласыз және шығындарды қалай оңтайландыру керектігін түсінесіз. Құзыретті талдаудан кейін сіз неге дұрыс нәрсеге ақша жинай алмайтындығыңызды немесе инвестициялауды бастай алмайтыныңыз анық болады. Енді келесі қадамға – бюджетті жоспарлауға көшуге болады.

Бюджетті жоспарлау тиімді

Бюджетті жоспарлау белгілі бір мақсатқа жету үшін қажет болады. Мақсат кез келген сипатқа ие болып отыруы мүмкін. Қартайған шақта таршылықсыз өмір сүру, ипотеканы мерзімінен бұрын төлеу, миллион теңгеге ж ету үшін ақша жинай бастаңыз – сізді не ынталандыратынын таңдаңыз. Маңызды сәт: бюджетті өз шығындарыңызды талдап және өзіңіздің қаржылық әдеттеріңізді анықтағаннан кейін ғана жоспарлап отырған дұрыс. Себебі, мақсатыңыз қаншалықты өршіл болғанымен, күнделікті қажетсінулер бәрібір де басым болады. Тіпті қаржылық тұрғыдан сауатты адамның өзіне келешек үшін кішкентай қуаныштардан бас тарту қиынға соғады. Сол себептен жоспарлау кезінде өзіңіздің үйреншікті өмір салтыңызды ескеріп және сол, не өзге шығындардан бас тартуға дайынсыз ба, өзіңізге осы сұраққа шынайы жауап беріңіз. Жоспарлаудың бюджетті есепке алумен қатар мақсатқа жетуге қалай көмектесетінін мысал келтіре отырып қарастырайық. Мысалы, мақсатыңыз – ай сайынғы кірісіңіз 500мың теңге болғанымен 800 мың теңгеге демалысқа бару. Сонымен, сізге 2 ай ғана жұмыс істеу керек – сіз сапарға дайындала аласыз. Бірақ чемоданыңызды жинауға асықпаңыз. Соңғы 2-3 айдағы шығындарды зерттеуден өткізіңіз: Міндетті төлемдердің сомасын есептеңіз, олар: тұрғын үй қызметтерінің төлемі, несиелердің және азық-түлік.

Қосымша табыс көздері

Сіз тәуекелдерді әртараптандыру деген ұғым жайлы естіген боларсыз. Бұл термин негізінен инвестициялар саласында қолданылады: б ұ л мүмкін шығындарды азайту үшін әр түрлі активтер мен салаларға ақша салу керек дегенді білдіреді. Мысалы, егер сіз барлық ақшаңызды X компаниясының акцияларына салсаңыз және ол өртеніп кетсе, қалтаңызда нөл қалады. Бірақ егер ақшаның бір бөлігі V компаниясының акцияларына салынған болса, онда X компаниясының сәтсіздігі енді экономикалық фиаско болып көрінбейді. Алайда инвестициялардан басқа да салаларға қатысты тәуекелдерді әртараптандырып отыруға болады. Қаржылай сауатты адам табыстың жалғыз көзіне сүйеніп отырмайды – ол өзіне табыс табудың бірнеше мүмкіндігін қамтамасыз ететін болады. Соңғы әдіске жақынырақ тоқтала кетейік. Бизнесін өз күшімен нөлден бастауға әркімнің уақыты мен күшін шығындауға ниеті бола бермейді. Мұның анағұрлым жайлы әдісі бар, ол Amway-мен бизнес жүргізу. Amway-мен бизнес–бұл инвестицияларды қажет етпейтін және кәсіпкерлік тәуекелдердің ең аз мөлшерін көтеретін қосымша табыс көзі. Бұл жағдайда сіздің жасыңыз бен біліміңіз маңызды емес. Amway табыс деңгейін арттыруға көмектеседі, бірақ оны табыс табуға арналған жалғыз қызмет түрі ретінде де қарастыруға болады. Amway кәсіпкері болу үшін сіз жеке кәсіпкер немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік мәртебесіне ие болуыңыз керек, содан кейін қарапайым тіркеу рәсімін өтуіңіз керек, содан кейін сіз өнім бойынша ұсыныстар бойынша ақша таба аласыз. Amway-да тауарды сатып алу немесе оқу ақысын төлеу талап етілмейді. Сіз тіпті әлеуметтік желілерде әлеуетті клиенттермен қарым-қатынас жасай отырып, бизнесті онлайн режимінде жүргізе аласыз. Сіз мұны Amway академиясында онлайн біле аласыз. Әлбетте, бұл сценарийлердің толық тізімі емес және сіз айналаңыздан осындай қаржыға деген қате көзқарастың әлі көптеген мысалдарын табасыз. Өзгелердің қателерінен сабақ алып және өзіңіздің қалыптасқан әдеттеріңізді бақылап отырыңыз: ақшаға тәуелділіктен, негізсіз қорқыныштардан, ойланбастан ақша жұмсау әдетінен құтылыңыз. Барынша тиімді стратегия – ақшаға деген тұтынушылық көзқарасты басқарушылық іс-қимылдың анағұрлым сауатты үлгісімен алмастыру.

Жиі жасалатын қателерді жібермеңіз

Қаржыны басқарудағы ең кең тараған қателіктер: Кіріс пен шығыстың есебін жүргізбеу. Жеке бухгалтерия кез келген ауқаттылық деңгейінде қажет емес, айырмашылығы шығыстардың егжей- тегжейінің көрсетілу дәрежесінде ғана. Қаржылық мақсаттарды отбасында талқыламау. Сіз белгілеген басымдықты отбасылық бюджет байланысты болатын адамдардың барлығының қолдап отырғанына көз жеткізіңіз. Бір ғана категория шеңберінде ой толғап отыру: тек сауда белгісіне бола қымбат смартфон сатып алу, төмен бағасына бола сапасыз сервиске келісім беру. Бірден бірнеше категориялар бойынша талдап отырыңыз: мысалы бағасын емес, баға мен сапа қатынасы тұрғысынан бағалап отырыңыз. Ақша жинақтамау. Табысыңыз мұқтажсыз күн көруге жеткен жағдайдың өзінде форс-мажор жағдайында ақшалай қордың болғаны маңызды. Тиімсіз үнем – өз бюджетін пайдалана білмейтін адамның тағы бір белгісі. Қауіпсіз және табысты келешектің кепілі болып табылғандықтан өз ақшасына тұрарлық заттар болады. Оларға өмірді сақтандыру, денсаулықты күту, уақытында медициналық көмекке жүгініп отыру, автокөлік пен техниканы жөндеу, білім алу мен өз- өзін дамытуға ақша жұмсау жатады. Бір сәттік пайдаға алданбаңыз, сатып алып отырған өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің әлеуетін бағалап отырыңыз. Қаржылық сауаттылықты өз бетіңізбен дамытып отыруға болады, сондай-ақ арнайы курстардан да өтіп, ол жерден сіз құрылымдалған ақпаратқа және кәсіпқойлардың тәжірибесін қабылдап алу мүмкіндігіне ие боласыз. Кейбір компаниялар өз қызметкерлерін оқытып отырады, себебі олар бизнестің ортақ табысының әр қызметкердің білім деңгейіне байланысты екенін түсінеді.  

Мақпал СҮЙІНБАЙ.

Интернет материалдары негізінде дайындаған