Жолдауды жүзеге асыру – ортақ міндет
Жолдауды жүзеге асыру – ортақ міндет
«Amanat» партиясының облыстық филиалының төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы сөз кезегінде елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың түпкі мақсаты – ел экономикасын ілгерілету екенін жеткізді. Диалог алаңында профессор, білім саласының ардагері Махметғали Сарыбеков Жолдауда сапалы білім беру бойынша берілген тапсырмалардың мәнін ашып жеткізді. Ал, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының директоры Еркін Атымтаев кәсіпкерлік дамымай ел экономикасы дамымайтынын ерекше атап өтіп, аймақта Президент тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын бастамаларды таныстырды. Жиынға қатысқан бірқатар басқарма басшыларына сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Атап айтқанда, су мәселесінен зардап шеккен шаруалардың шығынын өтеу жолдары, маман даярлауда жергілікті әкімдік тарапынан берілетін грант мәселесі, жеке кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары басқосудың өзекті мәселесі болды.
Ғаникен МАРАЛТАЙҚЫЗЫ