Бүгін Бас Прокурор Берік Асылов Баку қаласында ТМД-ға қатысушы елдер бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 33-ші отырысына қатысты
Бүгін Бас Прокурор Берік Асылов Баку қаласында ТМД-ға қатысушы елдер бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 33-ші отырысына қатысты
Қадағалау органының басшысы өз сөзінде бас прокурорлардың үйлестіру кеңесі бойынша шетелдік әріптестерімен Қазақстан прокуратурасының қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі тәжірибесімен бөлісті. ТМД-ның барлық елдері прокуратураларының қадағалау қызметінде басымдық болып табылатын адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болғандықтан, қазақстандық прокурорлардың жұмыс тәсілдері мен нәтижелері кездесуге қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Үйлестіру кеңесінің мүшелері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда, қылмысқа қарсы күресте және заң бұзушылықтың кез келген көріністерінде әріптестікті нығайту қажеттігі туралы ортақ пікірде болды. Отырыс қорытындысы бойынша бас прокурорлар Үйлестіру кеңесінің басым міндеттері мен одан әрі өзара іс-қимыл тетіктерін айқындайтын шешіміне қол қойды.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі