Жол жөндеу бақылауда
Жол жөндеу бақылауда
Комиссия мүшелері алдымен Қ.Сәтпаев көшесіндегі жұмыстармен танысты. Аталған көшенің 2,5 шақырымын жөндеуге 376 миллион теңге бөлінген. Мердігер компания «Арайстроймаркет-2003» ЖШС тарапынан жүргізуде. Қазіргі таңда серіктестік бұрынғы жолды түгелімен ысырып тастап, жаңадан салуда. Сонымен қатар, «Бурыл А,Б,В» тұрғын алабына асфальт жол төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша асфальт жабындысымен 33,7 километр жолды қамту қажет. Бурыл алабында 75 көше асфальттау қарастырылған. Бүгінгі таңда, жергілікті бюджет есебінен 330 миллион теңге және республикалық бюджет есебінен 100 миллион теңге қаражат қарастырылған. Бөлінген қаражатқа алдымен қоғамдық көлік жүретін 6 көшеге асфальттау қаралған. Айта кетерлігі, аталған алқаптағы жөндеу келер жылы да жалғасын таппақ. Яғни, 2024 жылы толығымен қайта жаңғыртылады. Келесі кезекте комиссия мүшелері автобекет аумағындағы жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұндағы жол жөндеу жұмысына жауапты мердігер «Биграс» ЖШС жұмысты 17 шілдеде бастаған. Олар жалпы ұзындығы 900 метр болатын жөндеу жұмыстары жүргізуде. Аманаттықтар серіктестік басшыларына жұмысты жауын-шашынға қалдырмай мүмкіндігінше ертерек аяқтауды әрі сапалы жүргізілуін жеткізіп, құрылыс партия назарында болатынын атап өтті. Нәтижесінде жоғарыда аталған жолдар тақтайдай тегіс жолдың ені кеңейтілетін болады. Комиссия мүшелері мұндағы жолдың сапасын және белгіленген мерзімінде кешіктірмей, алдағы жауын-шашынға дейін аяқтап және жұмысшылардың қауіпсіздігі мен айлық жалақыларын уақтылы төлеу жөнінде мердігер мекеменің жауапты өкілдеріне өз ұсыныстарын жеткізді.
«Aq jol»-Aqparat.