Кіші футболдан өзара сынға түсті
Кіші футболдан өзара сынға түсті
«Шынықсаң, шымыр боласың!». Әсіресе, құқық қорғау органдарында қызмет ететін жандардың бойында алысқанды атып ұратын ептілік болуы тиіс. Осы себепті, тәулік бойы тыным таппайтын тәртіп сақшыларының өмірінде спорттың алар орны ерекше. Өйткені, тынымсыз жаттығулар ширақтық пен шымырлыққа үйретіп, қырағылық пен табандылыққа баулиды.
Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері сәрсенбі күннің сәтінде кіші футболдан өзара сынға түсті. Бұл күні тәртіп сақшылары теңбіл доптан қай құраманың ойыншылары шын шебер екенін анықтауға күш салды. Айта кетейік, бұқаралық спорттың бұл түрі мекеме қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін шыңдай түсетіні анық.