Жүргізуші куәлігін беру бойынша алаяқтар сотталды
Жүргізуші куәлігін беру бойынша алаяқтар сотталды
Аталған шаралар бірқатар заңсыздықтардың алдын алуда. Мәселен, Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Ж.Е.Мамыраимов пен Е.Б.Дәулетке алаяқтық үшін 4 жылға бас бостандықтарын шектеу жазасы тағайындалды. Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметіне сәйкес аталған тұлғалар 2021-2022 жылдар аралығында жүргізуші куәлігін алып беру сылтауымен 8 азаматты алдап, 150 000-300 000 теңге көлемінде қаражаттарын иемденген. Алынған ақшаның жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрайды. Үкім заңды күшіне енді. Антикор қабылданып жатқан шаралар аясында, мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды ресімдеу бойынша делдалдардың заңсыз әрекеттеріне назар аударады. Егер сіз заңсыз фактілерге тап болсаңыз, 1424 Call-орталығы бойынша хабарласа аласыз.