Денсаулық

Тараздың сәулеттік келбетін қалыптастыру қажет

Тараздың сәулеттік келбетін қалыптастыру қажет

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен Тараз қаласын дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков өз баяндамасында бірқатар өзекті мәселеге тоқталып, жайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды баяндады. Қаланы ауызсумен қамту көрсеткіші 92 пайызды құрайды. Биыл 28 саяжай учаскесін сумен қамту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Таразда 1455 көше бар, оның ішінде 838-і асфальтталған, ал 607 көшенікі топырақты жол. Бүгінгі таңда 240 көшені жөндеу жұмыстары басталды. Облыс орталығында барлығы тоғыз тасымалдаушы компания бар, 36 бағыт бойынша 400 автобус жүреді. Жыл соңына дейін 50 автобус сатып алу жоспарланып отыр. Қала маңындағы аудандар мен аудандарды қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету үшін тағы 12 бағыт қосу қажет. Жиын барысында облыс орталығының сәулеттік келбетін жақсарту және абаттандыру мәселелері де сөз болды.

Аймақ басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қадағалаудың маңыздылығына да тоқталды. Қала басшылығына аудандардағы барлық ойын алаңдарын ретке келтіру тапсырылды.  

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі