Қырғыз Республикасының 42 жастағы тұрғынының үйіне тінту жұмыстарын жүргізді
Қырғыз Республикасының 42 жастағы тұрғынының үйіне тінту жұмыстарын жүргізді
2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде 2023 жылғы 11 қыркүйекте Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "ТОСҚАУЫЛ АРНАСЫ" халықаралық операциясы және "Қарасора-2023" жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел ақпаратты іске асыру мақсатында Қырғыз Республикасының 42 жастағы тұрғынының үйіне тінту жұмыстарын жүргізді. Үйдің іргелес аумағын тексеру барысында бақшадан каннабис өсімдігінің 22 жақсы күтілген бұталары табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 6 келі 100 грамм болатын "кептірілмеген марихуана" есірткі құралы болып табылады. -Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі (Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, өйткені ер адам бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Осындай қылмыс жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген, - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев. Қазіргі таңда ұсталған азамат кінәсін мойындады, тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысының Полиция департаменті