Мәдениет

Жамбыл облысында діндар әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қызметтері жүзеге асырылды

Жамбыл облысында діндар әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қызметтері жүзеге асырылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 11-15 қыркүйек аралығында Жамбылоблысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) мамандарының қатысуымен діндар әйелдер арасында діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинарлар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру шеңберінде өңір тұрғындарыменбірқатар кездесулер өткізілді.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Кенесбаева А.А., Ұзақбаева Л.Е., Садыкова Ж.Ә., Бейсембі А.Ф., Мырзабаева К.Е. тартылды.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Тараз қаласы, Меркі, Сарысу, Жамбыл аудандары, Бірлесу-еңбек, Аса ауылдарының

колледж және университет студенттері, жастар ресурстық орталығының жастары, өңірдегі ауруханақызметкерлері, медреседегі әйел жамағаты және т.б қатысушылар арасында семинарлар және кездесулер өтті.

Өткізілген іс-шараларда өңірлердіңтұрғындарына теріс діни ағымдардың белгілері, Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудің зайырлы сипаты, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін түсіндіру, дәстүрлі діндердің рухани құндылықтары туралы ақпараттар берілді.

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қоғамдағы діндар әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін, сондай-ақ әйелдер арасында діни сауаттылықты арттыруға, деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.