Адам өмірін арашалап қалды
Адам өмірін арашалап қалды
Бас миының компьютерлік томографиясының нәтижесі бойынша оң жақ артқы бассүйек шұңқырының кең эпидуральды гематомасының белгілері, оң жақта желке сүйегінің сынуы, мидың диффузды ісінуі анықталған. Жағдайының ауырлығын және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуын ескере отырып, науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Толық тексергеннен кейін және деректерге сүйене отырып, оған келесі диагноз қойылған: ашық бас миының жарақаты, 2 типті мидың көгеруі, оң жақта желке сүйегінің сызықты сынуы, оң жақта артқы бассүйек шұңқырының эпидуральды қан кетуі, мидың диффузды ісінуі, 1-2 дәрежелі кома. Анықталған диагноздың нәтижесінде мамандар шұғыл түрде ота жасауға шешім қабылдайды. Күрделі операцияны нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Саят Жұмабаев пен нейрохирург Мирдас Мурадов жүргізді. Хирургиялық араласу барысында бас сүйегінің сүйек-пластикалық трепанациясы және жедел эпидуральды гематоманы алып тастау жүргізілген. Сәтті операциядан кейінгі жағдайы жақсарған науқас әрі қарай ем-дом алуы үшін нейрохирургияның бейінді бөлімшесіне ауыстырылған. Ақ халаттылардың арқасында жасөспірімнің жағдайы жақсарған. Қазіргі уақытта өзін жақсы сезінуіне орай, бүгінде үйіне шығарылуда. 16 жастағы жасөспірімнің ата-анасының дәрігерлерге алғысы шексіз.
Толқын ӨМІРБАЕВА,
облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі.