Әлеумет

Елдігіміздің ертеңі

Елдігіміздің ертеңі

7Ақерке Шардарбекова,«Бәйтерек» балабақшасының меңгерушісі.

Мемлекетіміздегі ең қастерлі мереке күні Елбасы халыққа «Тәуелсіздік толғауын» арнады. Өз толғауында еліміздің бүгінгі қол жеткізген жетістіктері мен келешегі туралы толғамды ой айтты. «Тәуелсіздік дегеніміз – бұл жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі», – деді Президентіміз өз сөзінде. Елбасымыз айтқандай, тәуелсіздіктің алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ Елінің ашық аспаны астында дүниеге келген әрбір сәбидің жүрегіне орнайды. Себебі, балғындар тәуелсіздік жылдарында ашылған балабақшаларда патриоттық тәрбие алып, қамсыз балалық шақтың бал күндерін өткізуде. Сәулетті, әсем мектептерде білім алуда. Сондықтан, күні ертең олардан «балам деген жұртына елім деп еміренер» ақылды ұрпақ өсіп-жетілеріне сенім мол. Тәуелсіздік жылдарында өңірлерде білім ошақтары көптеп салынды. Олардың әрқайсысының сәулеті өзгеше, толықтай жаңа жабдықтармен жабдықталған. Соның бірі – осыдан екі жыл бұрын еліміздегі басты мереке қарсаңында ауданымыздағы Бурыл ауылдық округінде есігін айқара ашқан «Бәйтерек» балабақшасы. Аталған білім мекемесі құрылысына мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында 39 миллион теңге қаражат бөлінген болатын. Бүгінде «Бәйтерек» ауыл балаларын мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етумен қатар, тұрғындарға тұрақты жұмыс орны болып отыр. Балабақша пайдалануға берілгенде 50-ге жуық маман жұмысқа тартылды. Байзақ ауданы.