Әлеумет

Құнды құжаттар қорғаны

Құнды құжаттар қорғаны

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Тараз қалалық архивінің директоры Нұрхат Серікбаев баспасөз мәслихатын өткізді.

Оның айтуынша, бүгінде «Тараз қаласының мемлекеттік архивінің» қорында 123 қор, 41 046 сақтау бірлігі бар. Оның 16 074-і басқару құжаттамасы, 24 432-і жеке құрам, 514-і жеке тектік, 26-ы фотоқұжаттар. Бұл құжаттар аптасына екі рет арнайы құрылғылар арқылы желдетіліп отырады. Ай сайын архив қоймасындағы стеллаждарды, шкафтарды, қораптарды шаң тозаңнан арылту жұмыстары жүргізіледі. Қала бойынша жинақтау көзі болып табылатын 15 мекеменің құрылымында өзгерістер болуына байланысты, істер номенклатурасына тиісті түзетулер жасалып, қайта бекітілді. Ведомстволық 8 мекеменің сараптау комиссиясының ережелері қайта бекітілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша барлығы 2 834 өтініш орындалған. Оның ішінде қанағаттанғаны 2189, қанағаттанбағаны 645. – Құжаттарды электронды-сандық форматқа көшіру бойынша Ұлттық архив қоры құжаттарын электрондық нұсқаға көшіру, істер мен құжаттарды сканерлеу және электрондық архивке орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Құжаттар қазіргі заманға сай сапалы, жылдамдығы жоғары «book 2net KIOSK», «EPSON 20000» сканерлері арқылы сканерленді. Қазіргі таңда электронды-сандық түрге 1 060 сақтау бірліктің 137 625 парағы көшірілді, – дейді Н.Серікбаев. Баспасөз мәслихатының соңында Нұрхат Серікбаев журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.  

Нұржан ӘЛІШ