Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерімен кездесті
Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерімен кездесті
Бүгінгі таңда Ішкі істер органдарында идеологиялық және имидждік жұмысқа көптеп көңіл бөлінуде. Бұл ретте жеке құрам қызметкерлері мен сала ардагерлерінің кездесу жиі ұйымдастырылып келеді. Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінің қызметкерлері байырғы әріптесі, әділет майоры Мәулен Есқабыловпен жүздесті.
Басқосу барысында сала ардагері өзінің ізбасарларына ақыл-кеңесін айтып, тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, ол қиындығы мол қызметте жүрген тәртіп сақшыларының жұмысына сәттілік тіледі.