Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Жуырда батыр ұлды еске алу мақсатында құқық қорғау қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. Жарысқа Жамбыл облысы мен Шымкент қаласының құқық қорғау және мемлекеттік органдарының қызметкерлерінен құрылған сегіз команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Бір минут үнсіздіктен соң басталған жарыстың ашылу салтанатында Дастан Әділбайдың ата-анасы қатысып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. – Екінші қыркүйек ұлымның туған күні. Турнир осы күнге орайластырылған. Ұлымды ұмытпағандарыңыз үшін сіздерге алғыс айтқым келеді. Дастанымның азды-көпті еңбегін бағалағандарыңызға разымыз. Ұлым өз жұмысын жақсы көрді, әріптестеріне құрметі бөлек еді, – деді марқұмның әкесі Әділбай Шатырбаев. Айта кетейік, достық кездесудің нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.