Құқық

Қарасора дайындап, құрыққа түсті (Қылмыс хроникасы)

Қарасора дайындап, құрыққа түсті (Қылмыс хроникасы)

«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Шу ауданында жабайы қарасора өсетін жерлерде есірткі затын дайындау кезінде Мойынқұм ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Аумақты тексеру кезінде жалпы салмағы 378 келі кептірілген марихуана есірткі құралы табылып, тәркіленді.

Облыстық полиция департаментіне бағынысты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаевтың айтуынша, бүгінде ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу басталған.