Жазасы жеңілдетіліп, еркіндікке жолдама алды
Жазасы жеңілдетіліп, еркіндікке жолдама алды
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруына байланысты алматылық азамат босап шықты. 35 жастағы ер адам өткен жылы Меркі аудандық сотының үкімімен Қылмыстық Кодекстің 345 бабы 3 бөлігіне сәйкес 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.
Еркіндікке жолдама алған жазасын өтеушіні мекеме қақпасынан шығарып салған ҚАЖ қызметкерлері оған міндеттері мен құқықтарын түсіндіріп, алдағы уақытта заңды бұзбауы қажеттігін ескертті.